Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар жауапқа тартылды

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодардағы қалалық фирмалардың бірінде полиция қызметкерлері елде заңсыз жұмыс істеп жүрген Тәжікстан Республикасының азаматтарын анықтады. Олар ел аумағына келгеннен кейін қонақ ретінде виза алған.

– Бұл азаматтар жұмысшы ретінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырды. Жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмағандықтан шетелдіктерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Соттың қаулысымен бір шетелдік 5 тәулік мерзімге қамауға алынып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын болды, тағы 5 шетелдікке 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді жұмысқа тартқаны үшін фирма иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Павлодарлыққа 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 80 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты