Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

334 шетелдік Павлодар облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған

334 шетелдік Павлодар облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған
Фото: polisia.kz

334 шетелдік Павлодар облысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы шеңберінде проблемалық-бағдарланған тәсіл мақсатында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Шетелдік кәсіпкерлердің шетелдік жұмыс күшін пайдалану фактілері бар, олар шетелдіктерді өз үй шаруашылығында жұмыс істеуге жалдап, сонымен бірге қажетті құжаттарды заңды түрде рәсімдемеген. Мысалы, Павлодар қаласындағы монша кешендерінің бірінің иесі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Өзбекстанның үш азаматын жұмысқа жалдаған. Бұл факті көші-қон қызметі қызметкерлерінің рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде анықталды.

Шетелдіктер қызу жұмыс барысында ұсталды. Құқық бұзушылар үй шаруашылығында еңбек қызметімен айналысуға рұқсат алған сәттен бастап осында жұмыс істейтіндерін түсіндірді.

Тексеру кезінде жүзеге асырылатын еңбек қызметі саласы мен құжаттарда көрсетілген мекенжайдың сәйкессіздігі анықталды. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сот шешімі бойынша осы бұзушылық үшін Өзбекстанның үш азаматына әрқайсысына 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындаумен жауапқа тартылды.

– Жыл басынан бері Павлодар облысында полицейлер шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 334 фактісін тоқтатты, барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 88 жұмыс берушіге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды