Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдағандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда Өзбекстан азаматтары еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған. ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтаған, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз Өскеменде ғимаратты жөндеумен айналысқан.

Белгілі болғандай, шетелдіктер Қазақстанға қыркүйек айының ортасында келген, бұл ретте олардың уәкілетті орган берген еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болмаған. Жұмыс беруші шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдаған.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылық үшін өзбекстандықтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылды, оған 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазанда облыс аумағында “Заңсыз келуші – 2023” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Бір күннің ішінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады