Шымкентте бірқатар қылмысы үшін іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл азамат көші-қон қызметінің инспекторлары ІІМ-нің нұсқауы бойынша жүргізілген “резеңке пәтерлерді” тексеру барысында анықтады.
Ұсталған ер адамға 2022 жылы Өзбекстан полицейлері мемлекетаралық іздеу жариялаған. Оған қатысты экономикалық қылмыс жасағаны үшін үш бап бойынша іс қозғалған .
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді
Айыпталушы Белғожаев Шерзатты емес ағасын ұрмақ болғанын айтты
Ер адам Қазақстан Республикасы аумағында тіркеусіз жүрген. Қазіргі таңда ол қамауға алынды.
Ұсталған азаматты көрші елге экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.