Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полициясы Ресей мен Өзбекстанда іздеуде жүрген шетел азаматын ұстап алды

Астана полицейлері тексеріс кезінде үш ер адамды байқап қалады, олардың бірі темекіні жерге лақтырып жіберген. Соңғысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, бірақ кейін оның мемлекетаралық іздеуде жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Астана көшелерінің біріндегі әкімшілік учаскені аралау барысында "Есіл" ауданы ПБ учаскелік инспекторлары көшеде темекі шегіп тұрған үш ер адамды байқайды. Олардың бірі темекіні жерге лақтырып жібереді. Оның бұл әрекетіне назар аударған учаскелік полиция қызметкерлері оның үстінен қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚБК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бірақ одан әрі тексеру барысында ұсталған азамат Ресей мен Өзбекстанда халықаралық іздеуде жүргені белгілі болды.

"Тексеру барысында 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабы 2-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Сондай-ақ "Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің" 104-бабының 1-бөлігінде көзделген "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қылмысын жасағаны үшін", – делінген хабарламада. 

Шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді