Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вице-премьер Т. Дүйсенова Корея Республикасының елшісімен еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады

Вице-премьер Т. Дүйсенова Корея Республикасының елшісімен еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.

«Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақстандықтар еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымызды қорғауға мүдделіміз», — деді Тамара Дүйсенова.

Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (EPS) бойынша оқыту орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, салалық дағдылар, заңнаманы үйретеді.

Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады