Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Еңбекмині Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне-Аралчинский» жерасты кенішіндегі нәтижесінде төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаның мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жазатайым оқиға ағымдағы жылғы 30 желтоқсан күні кешке жарылыс жұмыстарын орындау кезінде орын алды. Оқиға құрбандары «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС қызметкерлері: тау-кен шебері Асхат Қайқанов, жарушылар Рустам Шәметов пен Денис Черный, жүргізуші Берік Жақыпов болды.


Өлімнің болжамды себебі – көміртегі тотығымен улану. Кеніштегі жұмыстар тоқтатылды, қызметкерлер жер бетіне шығарылды.


Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кенішке Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов, Хромтау ауданының әкімі Нағымжан Алдияров, Ақтөбе облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының және Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшылары келді.


Топтық жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тексеру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақтөбе облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Саламат Аманбаевтың төрағалығымен арнайы комиссия құрды.


Комиссия құрамына сондай-ақ ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас сарапшысы Рустам Рамазанов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Самат Таждавлетов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тау-кен металлургия өнеркәсібі және жарылыс жұмыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Нұрсерік Сәрсенбаев кірді. Жұмыс берушінің өкілі – «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС Бас директорының орынбасары Анжелика Шипилова, ал еңбек ұжымының өкілі – Қуанышбек Жанаисов болды.


Тексеріс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды