Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан оң рульді авто конструкторларды әкелуге тыйым салуды енгізеді

Қазақстан оң рульді авто конструкторларды әкелуге тыйым салуды енгізеді
Фото: gov.kz

Қазақстанда тізгіні оң жақтағы жеңіл автомобильдерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің елде негізгі міндет болып табылады. Елімізде қауіпсіздік стандарттарын сақтау мақсатында оң рульді автокөліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салынды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда қозғалыс ресми түрде оң жағынан жүзеге асырылады және халықаралық қозғалысқа қатысушыларды қоспағанда, мұндай көлік құралдарын тіркеуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мұндай көлік құралдарын конструкторлар түрінде әкеліп заңнама нормаларын айналып өтуде. Осылайша, ол көліктердің қауіпсіздігіне көз жеткізбей жолға шығуда  және жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіреді. Бұл шектеу осындай бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

«Жол жүрісі туралы» ҚРЗ 67 бабына сәйкес 2007 жылдан бастап ҚР-да оң рульдік автомобильдерді заңдастыруға тыйым салынғанға дейін аталған көліктерді заңдастыруға мүмкіндік болған.

2023 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша ҚР аумағына бір реттік 200 мыңдық заңдастыру шеңберінде 240 мыңнан астам көлік заңдастырылды, оның ішінде 22 мыңға жуығы конструкторлар, яғни оң рульді көліктер. Бұйрық күшіне енгенге дейін келген машиналар белгіленген заңнама шеңберінде заңдастырылатын болады.

Аталған бұйрық 16 қаңтардан бастап күшіне енеді, Аталған тыйым салу шаралары Шекара қызметі және Мемлекеттік кірістер комитеттерімен іске асырылатын болады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді