Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған азаматқа айыппұл салынды

Ақтөбеде әлеуметтік желіде тыйым салынған діни материалдарды сақтаған азаматқа айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде теміржол ұйымының қызметкеріне әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына  сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күнделікті интернет ресурстарына, оның ішінде әлеуметтік желілерге тыйым салынған діни мазмұндағы фото, бейне және аудио материалдарды жариялауды анықтау, сондай-ақ олардың бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 453-бабына сәйкес, аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін (Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мәселен, көлік полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жолаушылар пойыздарын жөндеу бойынша Ақтөбе филиалының 39 жастағы қызметкерінің ВКонтакте парақшасынан аудио материалдар табылды. Дінтану зерттеуінің қорытындысына сәйкес, олар Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған болып шықты.

Ақтөбе қаласының №2 мамандандырылған әкімшілік соты құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша 20 АЕК (69 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Естеріңізге сала кетейік, экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында орналастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда