Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Жақсылық шыршасы»: елорданың кішкентай тұрғындары бағалы сыйлықтарға ие болды

«Жақсылық шыршасы»: елорданың кішкентай тұрғындары бағалы сыйлықтарға ие болды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Биыл «Тілектер шыршасы» акциясының аясында еліміздің түпкір-түпкірінен Қазақстан Президентінің атына өте көп хаттар келіп түсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияның негізгі мақсаты - балаларды қолдап, оларға қуаныш сыйлау.Астанада осы іс-шара шеңберінде «Жақсылық шыршасы» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Қазақстан Президентінің атынан балаларға берілген сыйлықтарды Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев пен қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов табыстады.
Осылайша бүгін елорданың бес кішкентай тұрғынының арманы орындалды. Бұл балалар аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сонымен қатар ерекше және онкологиялық дертке шалдыққан балалар.Балаларға велосипед, «Алиса» ақылды колонкасы, веложол, маникюр жиынтығы, спорттық костюм, парта мен орындық сыйға берілді.

«Президент сыйлығына зор алғысымды білдіргім келеді.Барлық баланың асыл арманы орындалсын!», - дейді Мемлекет басшысынан сыйлық алған, 15 жастағы иегері Милана Панькова.

Астанадағы қайырымдылық акциясына мемлекеттік органдардың қызметкерлері, елорда мәслихатының депутаттары, белгілі спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысып, балаларды сыйлықтарымен қуантты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты