Науқан ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігі, Халықаралық көші-қон ұйымының көмегімен өткізілді және “Халықаралық келімсектер күніне” орайластырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
– Іс-шара біздің бөлімшеде өтті. Біз өз Отанындағы саяси жағдайға байланысты қиын өмірлік жағдайға тап болған және күн көріссіз қалған, Ауғанстаннан келіп, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерді шақырдық. Оларға қаржылай қолдау көрсетілді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.