Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында оқушыларға 2 млрд теңгеге жуық қаржы үлестіріледі

Жамбыл облысында оқушыларға 2 млрд теңгеге жуық қаржы үлестіріледі
Фото: pixabay.com

Биыл Жамбыл облысында «Мектепке жол» акциясы аясында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан 48 671 балаға 40 567 теңгеден 1 миллиард 974 миллион 436 мың теңге қаржы қарастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткендей, қаражат Тараз қаласындағы ата-аналардың жеке шоттарына жіберіліп жатыр. Ал, аудандарда 10 тамызға дейін аударылады.

Өткен жылы осы акцияның аясында демеушілер есебінен 7 656 балаға 108 миллион 308 мың теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, қажетті құрал-жабдықтар мен киімдер үлестірілген болатын.

Айта кетейік, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін жыл сайын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.

Биыл дәстүрлі қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Жақсылық жаса!» ұранымен өткізіледі.

Бұған дейін Жамбыл облысында 15 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа қабылданғанын жазған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді