Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан – шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өңірлік көшбасшы – Әлихан Смайылов

Қазақстан – шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өңірлік көшбасшы – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

«24KZ» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Қазіргі жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Біздің еліміз Орталық Азия аймағындағы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша көшбасшы болып табылады. Былтыр ол 18%-ға өсіп, $28 млрд-қа жетті. Бұл Қазақстан үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш болды», — деді ол.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта ел экономикасына $13,3 млрд тартылса, жыл соңына дейін шамамен $27 млрд болады деп күтілуде, бұл да – айтарлықтай жоғары көрсеткіш. 

«Бұл көбінесе күрделі геосаяси шиеленіс жағдайында көптеген ықпалды ойыншылармен қарым-қатынасты дәйекті түрде нығайтып келе жатқан Президентіміздің сындарлы дипломатиясының арқасында мүмкін болды. Бұл – Қытай, Еуропа, Ресей, АҚШ, Түркия, араб әлемі және т.б. елдер», — деді Әлихан Смайылов. 

Өз кезегінде Үкімет инвестициялық белсенділік деңгейін сақтап тұру үшін қажетті шараларды қабылдауда. Атап айтқанда, жалпы құны 32 трлн теңгеден асатын 1000-ға жуық жобадан тұратын жалпыұлттық пул құрылды.

«Біз оларды жүйелі түрде жүзеге асырып жатырмыз», — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Үкіметте Инвестициялық штаб жұмыс істейді, оған таяуда ғана Президенттің тапсырмасымен арнайы өкілеттіктер берілді. Енді онда қабылданған шешімдер орындауға міндетті болып табылады.

«Инвестицияларды тарту бойынша барлық деңгейдегі басшылардың тікелей жауапкершілігі күшейтілді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды прокурорлық қолдаудың арқасында бюрократиялық кедергілер барынша азайтылды. Мұның барлығы инвестициялық жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін Әлихан Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты