Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жағдай біртіндеп түзеледі – Әлихан Смайылов коммуналдық саладағы проблемалардың шешімі туралы айтты

Жағдай біртіндеп түзеледі – Әлихан Смайылов коммуналдық саладағы проблемалардың шешімі туралы айтты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында өңірлерде жылу, энергия және сумен жабдықтау саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы бұған дейін инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбегенін атап өтті.

«Көптеген жыл бойы тарифтер жасанды түрде тежелді, яғни көтерілмеді. Жылу, энергия, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілерін жаңғыртуға және күрделі жөндеуге қаражат салынған жоқ. Инфрақұрылым әбден тозған, тіпті кей жерлерде жағдай өте қиын болды. Сондықтан биыл инфрақұрылымды жаңарту және жөндеу бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық», — деді Әлихан Смайылов. 

Атап айтқанда, мемлекет осы желілердің барлығын жаңғыртуға және күрделі жөндеуге шамамен 300 млрд теңге жұмсады. ЖЭО-дың меншік иелері де тиісті жұмыс жүргізіп, энергия көздерін жөндеуге 19 млрд теңге салды.

«Мұндай жұмысты бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Жұмыс тұрақты негізде жүруі керек. Ол үшін біз арнайы “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын қабылдадық. Тозуды нормативтік деңгейге дейін төмендету үшін бұл жұмыстардың барлығы ең кемі 5-6 жыл бойы жүруі керек. Жағдай біртіндеп түзеледі», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді