Өткен жылы Қазақстанда 35 мәдениет нысаны салынды. Жаңа ғимараттар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарында пайда болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
238 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда, алдағы төрт жылда 1025 мәдениет мекемелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 220 жаңа мәдениет нысаны салынады.
Ағымдағы жылы республикалық мекемелер ұйымдастырған мәдени іс-шараларға 2,5 млн. адам келді. Атап айтқанда, 2167 спектакльді 1 млн. астам көрермен тамашаласа, музейде өткізілген 698 мәдени іс-шараларға 515 мыңнан астам көрермен келді. Ең көп келушілерді қабылдағандардың қатарында «Астана Опера» театры, 134 мыңға жуық көрермен келсе, оның төрттен бірі театр репертуарымен гастрольдік іс-сапарлар кезінде танысты.
Тұңғыш рет Қазақстанның театр өнері тарихында қойылымдардың жартысынан көбі театрлардың өз қаражаты есебінен құрылды. Жалпы алғанда, 11 республикалық театр 66 жаңа қойылым жасады. Оның 32-сі бюджет есебінен, 34-і өз қаражаты есебінен сахналанды. Өткен жылы жаңа қойылымдардың ең көп санын «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» құрап отыр. Шығармашылық ұжымның репертуары бірден 11 жаңа қойылыммен толықтырылды. Спектакльдердің 8-і меншікті және демеушілік қаражат есебінен сахналанып, бұл бағыт театр қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен Daegu International Musical Festival (DIMF) халықаралық фестивалде қазақстандық «Роза Бағланова» мюзиклі үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Ал басты рөлді сомдаушы Зарина Макина «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Аталмыш қойылым КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған. Халықаралық фестивальге Франция, Германия, Ұлыбритания және Корея театр ұжымдары да қатысты, барлығы 16 мюзикл ұсынылды. Жалпы, «Қазақконцерт» әртістері 2023 жылы 23 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдарда арнайы сыйлықтар мен номинациялардың лауреаттары мен жеңімпаздары атанды.
«T&Y» домбырашылар дуэтінің әртістері Темірлан Олжабай мен Ернат Нұрбергенұлы «Оpen Іtaly 2023» аспаптық орындаушылардың халықаралық музыкалық байқауында өнер көрсетіп, Гран-приін жеңіп алды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары «Адай», «Көроғлы», «Әлкисса» күйлерін және Олжас Сүлейменовтің «West» композициялық шығармаларын орындады. «Open Italy» аспапты орындаушылардың халықаралық музыкалық байқауы жыл сайын Италияның Пезаро қаласында өтеді. Байқауға 24 елден келген үміткерлер қатысты.
Жалпы алғанда, өткен жылы 65 жас талантты өнер иелері халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атанды. Музыка саласындағы өнер жұлдыздарын анықтау, дарынды және талантты музыканттарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасады.
Ағымдағы жылы бірден 5 ұйым өздерінің музыкалық аспаптарын жаңартуға мүмкіндік алды. 30 жыл ішінде алғаш рет бұл бағытта мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінді. Осылайша, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы, «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымдары үшін, сондай-ақ, Күләш Байсейітова атындағы және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарының, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқушылары үшін шығармашылық жұмыстардың кәсіби өсуі мен іске асырылуы үшін қажетті жағдайлар жасалды. Қазақстанның музыкалық өнерін дамыту - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда 32 концерттік ұйым, оның ішінде 18 мемлекеттік филармония жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына және Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрына «Ұлттық» мәртебе берілді.
Республикалық театрлар 27 халықаралық және 11 республикалық фестивальдерге белсенді түрде қатысты. Ең көп фестивальдерге қатысқандардың қатарында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры бар. Өнер ұжымы 7 халықаралық және 6 республикалық фестивальде өнер көрсетті.
Республикалық театрлар арасында ең көп жетістікке жеткен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театрын ерекше атауға болады. Театр 2023 жылы 366 спектакль, республика және шетелдер де 23 гастрольдік тур өткізді, бұл ретте 22-сі меншікті және демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды, 8 жаңа қойылым сахналанып, оның 4-і өз қаражаты есебінен ұйымдастырылды. Сонымен қатар, театр 13 фестивальге қатысып, (6 республикалық және 7 халықаралық деңгей) 4 Гран-при жеңіп алды.
2023 жылы мемлекеттік қолдаумен 8 қазақстандық фильм халықаралық кинофестивальдерде үздік марапаттарға ие болды. «Паралимпиадашы» фильміне Үндістанның Мумбай қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің кинофестивалінде «Үздік ер адам рөлі» сыйлығы берілді. «Арқау өзек» - Бакуде өткен Қорқыт ата фестиваліндегі «Үздік деректі фильм» атанса, «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи-көркем фильмі қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. «Бауырына салу» фильмінің әлемдік премьерасы Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен 71-ші Халықаралық кинофестивальдің «Жаңа режиссерлер» конкурстық бағдарламасына өтті. Сондай-ақ, аталмыш фильм Австралиядағы Asia Pacific Screen Awards Азия киносының жүлдегері болды. «Ағайындылар» фильмі Австралияда Asia Pacific Screen Awards Азия киносыйлығының жүлдеге ие болып, XV Ташкент халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын иеленді. «Обучение Адемоки» кинокартинасы XV Ташкент халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды. Сонымен қатар бұл фильм Ярославль қаласында өткен «Отбасымен бірге» кинофестиваліне ұсынылды. «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты көркем фильмі Болгариядағы Қазақстан кино күндері аясында көрсетілді. «Айкай» фильмінің әлемдік премьерасы Оңтүстік Кореядағы Busan International Film Festival кинофестивалінде өтті.