Шымкент қаласында туристік әлеуетті арттыру аясында түрлі маркетингтік қадамдар жасалынуда. Жыл аяқталуға жақын қалғанда, солардың бір парасына тоқталып, нәтижесін бағамдап көрсек.
2023 жылы наурыз айында «Наурыз Шымкенттен басталы» шарасы аясында «Damdastour» ресторандар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 40-қа жуық қаланың тамақтану орындары қатысып, 6 номинация бойынша бақ сынады: «Үздік Наурыз көже», «Үздік палау», «Үздік кәуап», «Үздік самса», «Үздік фаст-фуд», «Үздік десерт». Нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы іс-шараға 30 мыңға жуық адам қатысты.
Сонымен қатар, өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді.
Ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылды.
Қаланың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында өңірдің туристік нысандары мен гастрономиясы туралы интерактивті альбом дайындалуда. Альбомға туристердің арасында танымал 20 нысан мен ұлттық тағамдар туралы 3 тілде ақпарат беріледі.
Бұдан бөлек, Шымкент туралы үш тілдегі бейнеролик әзірленді. Аталған бейнеролик танымал travel-блогерлер Әділет Рахметолла мен Өркен Кенжебектің қатысуымен әзірленіп, олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына жүктелді және 500 мыңға жуық қаралым жинады.
Бұдан бөлек, басқарма тарапынан қаладағы креативті индустрияның бүгінгі жағдайына талдау жасалды. Сонымен, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы қалада шығармашылық саладағы 2523 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл қаланың Шағын Орта Бизнес субъектілерінің жалпы санының 1,99 % (126 549 бірлік), оның ішінде 489 заңды тұлғалар, 2034 - жеке тұлғалар.
Бүгінгі таңда креативті индустрия саласына 12 бағыт бойынша 43 OKEД бекітілген. Біз өзіміз қаладағы креативті индустрия өкілдерімен бірқатар кездесу және талқылау жұмыстарын жүргізіп 4 басым бағытын белгіледік, олар:
1. Кино және анимация – 114 бірлік;
2. Дизайн және сән – 156 бірлік;
3. IT және геймдевелопмент – 207 бірлік;
4. Халық қолөнері – 1330 бірлік.
Әр бағыт бойынша басқарма арнайы серіктестік ұсыныстарын әзірлеп, мүдделі кәсіпкерлердің базасын қалыптастыруда. Кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалды. Нәтиже бойынша ағымдағы жылы Кретивті индустрия өкілдерінің тұрақты орналасу базасы бекітілсе, 2024 жылы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес ашатын боламыз.
Айта кетейік, Өңірде креативті индустрияны дамыту мақсатында бөлім тарапынан сала бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, саланы мемлекеттік қолдау, ішкі және халықаралық нарықта креативті өнімдерді ілгерілету, қоғамдық креативті кеңістіктер құру, креативті шаралар өткізу қарастырылған.
20-12-2023, 17:18
Туризм саласын маркетинктік ілгерілету ісі қолға алынды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз