Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер - Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы мен Увалиев Мұрат Талғатұлы Білім беру саласы өкілдерімен ZOOM платформасында қашықтан кездесу өткізіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Бүгінде еліміз партиядан нақты мәселелерді шешуді, нық бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Міне, осы орайда Дамудың 7 басымдығындағы үшінші боп бой көтеріп тұрған Әлеуметтік- бағдарланған аудан бөліміндегі ойып тұрып орын алатын, халық үшін бірден бір сала ол - білім саласы.
2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес шеңберінде 57 мың мектеп оқушысы қашықтан оқытудың жаңа форматына көшті.
Сондықтан білім беруде білім сапасын арттыруғажәне білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға басаназар аударылатын болады.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей міндеттер қойып отыр:
- Заманауи қашықтан оқыту технологияларын енгізу.
- мұғалімдерді жаңа талаптарды ескере отырып оқыту.
- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен 100% қамтуға қол жеткізу;
- жоғары және бірінші санатты оқытушылар құрамының үлесін 60%-ға дейін арттыру, оның ішінде өңірге жаңа кадрларды тарту;
- ҰБТ-дан жоғары балл жинаған оқушылардың санын көбейту
- 2025 жылға дейін ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған оқушылардың санын 10% -ға көбейту;
- 2025 жылға дейін 1000 компьютер сатып алу (4 оқушыға 1 компьютер), жыл сайын 200 компьютер;
- әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету (мектеп оқушылары үшін: кеңсе тауарларымен, киіммен, аяқ киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшалардағы тамаққа 100% төлем);
- 5 мектеп құрылысы мен 6 мектепке жапсаржай салу, оның ішінде:
• 2021 жылы - Қараой және Жәпек батыр ауылдарында (әрқайсысы 900 орынды), Қосөзенде (600 орынды), Боралдай кентінде (300 орынды);
• 2022 жылы - Жаңаталап ауылында (600 орынды);
• 2023 жылы - Қоянқұс (300 орынды), Түймебаев (600 орынды) және Байсерке (450 орынды) ауылдарындағы мектептерге жапсаржай құрылысы;
• 2024 жылы – Боралдай кентінде 600 орынды жапсаржай құрылысы;
• 2025 жылы Комсомол ауылындағы мектептерге 600 орынды және Байсерке ауылындағы 1200 орынды жапсаржай құрылысы;
- 3 мектепке (Междуреченск, Екпенді, Косозен ауылдарында) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- 2025 жылға дейін ауданның барлық мектептеріне химия, биология, физика пәндік кабинеттері мен IT кабинеттерін жарақтандыру.
- Қашықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды компьютерлік технологиялармен толық қамтуды қамтамасыз ету.
Осы алдыға қойған мүдделі мақсаттарды орындау жолында әрқайсымыз жауапкершілікпен еңбек ете білуіміз керек. Біздің күшіміз - бірлікте! Біз біргеміз!
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Іле ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.