Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнесті заңсыз тексерулерге жол бермеу мәселелері талқыланды

Бизнесті заңсыз тексерулерге жол бермеу мәселелері талқыланды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы Мелес Сейтжанов жетекшілік еткен жиында бизнесті тексеруге мораторий мәселесі талқыланды.2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторий күшін жояды. Осыған орай құзырлы және қадағалау орган өкілдері тарапынан бизнесті заңсыз тексерулер мен оларға қатысты заңсыз талаптарды болдырмау бағытында жұмыс жоспарлары түзілді.
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Майя Исаева атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен таныстырды.
"Президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий бизнеске көмегін тигізіп, кәсіпкерлердің пандемия және басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалардан туындайтын шығыны азайды. Үш жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2023 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 130 898-ге жетті. Мұндай көрсеткіштер кәсіпкерлер мен жергілікті билік өкілдерінің арасындағы тиісті байланыстың нәтижесі деп ойлаймыз", – деді М.Исаева.
Жиында бизнес пен мемлекеттің өзара байланысын жақсарту, нақты шешімдер қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру, қауіпсіз бизнес-процесс жүргізуді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту мәселелері талқыға түсті.

Сонымен қатар, іс-шарада қалалық прокуратура өкілдері ендігі кезекте мемлекеттік қадағалау бақылау органдары тарапынан бизнес нысандарын кез келген тексеру тағайындауға болмайтынын, соңғы екі жылда жеке кәсіпкерлік нысандарын тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлар кездескенін атап өтті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты