Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азаматтарға жаппай қауіп төндіру сылтауымен көліктегі шағын бизнесті тексере алар еді

Бас көлік прокуратурасының наразылығы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 8 маусымдағы «Жаппай қауіп» терминін айқындау жөніндегі ұсынымды бекіту туралы» заңсыз бұйрығының күші жойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл бұйрық Мемлекет басшысының шағын бизнесті тексеруге мораториін айналып өтіп автомобиль, теміржол және су көліктері саласындағы кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуға мүмкіндік берген.

Мораторидің күші халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер төндіретін субъектілерге қолданылмайды.

Аталған актіде қызметі «жаппай қауіпке» ұшыраған микро және шағын кәсіпкерліктің 45 түрінен тұратын тізім болғаны белгілі болды.  

Мұндай қауіпке көлік құралдарын техникалық тексеру, тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру, такси қызметтерін көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдарына бизнестің басталғаны туралы хабардар етпеу жатқызылған.

Бұл құқықтық акт саны шектелмеген кәсіпкерлердің мүдделерін қозғауына қарамастан, әділет органдарында тіркеуден өтпеген.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 19 және 51-баптарына сәйкес мұндай актілердің күшіне енуінің қажетті шарты – мемлекеттік тіркеу болып табылады.

Көліктегі кәсіпкерлер құқығының кез келген бұзушылықтары туралы Бас көлік прокуратурасының мобильді тобына хабарлауды сұраймыз: 8 7172 712251, 8 7172 301910 және 8 701 990 06 65.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді