Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Бірнеше жыл бойы бопсалаған”: астаналық тұрғыннан 38 млн теңгеге жуық қаржыны қорқытып алған күдіктілер құрықталды

“Бірнеше жыл бойы бопсалаған”: астаналық тұрғыннан 38 млн теңгеге жуық қаржыны қорқытып алған күдіктілер құрықталды
Фото: polisia.kz

Астаналық полицейлер бірнеше жыл бойы тұрғынды қорқытып, 38 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген бопсалаушыларды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан ақшаны қорқытып алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған.

Бірнеше жыл ішінде астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктілердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген.

46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам осы жылдың қараша айында полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды.

Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті заңнамаға сәйкес ірі және аса ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқытып алу 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты