Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында тұрғынды қорқытып, ақша бопсалаған үш күдікті қолға түсті

Павлодар облысында тұрғынды қорқытып, ақша бопсалаған үш күдікті қолға түсті
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының тұрғынын қорқытып, ақша бопсалаған үш күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ҰҚҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы прокуратурасын үйлестіруімен бопсалау қылмысы бойынша күдікке ілінген азаматтарды ұстады.

Полицияға жергілікті тұрғын бірнеше ай бойы күдіктілердің оған қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық көрсетіп, қолма-қол ақша алғанын айтты. Полиция қызметкерлері анықтағандай, Ақсу қаласының үш тұрғыны өздерінің дене бітімін пайдалана отырып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған және 100 мың теңге иемденген. Сондай-ақ күдіктілердің бірі осындай қылмыс жасағаны үшін тергеуде екені анықталды.

– Тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында күдіктілерден қолдан жасалған пышақтар, телефондар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты