Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Тапаншамен қорқытқан”: алматылық азамат танысынан ақша бопсалаған

“Тапаншамен қорқытқан”: алматылық азамат танысынан ақша бопсалаған
Фото: polisia.kz

Алматыда 22 жастағы жігіт танысынан жарты миллион теңге бопсалаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақшаны алу үшін азамат қарумен қорқытып, сендіру үшін одан оқ атқан.

– Жақында бізге 23 жастағы жергілікті тұрғын арызбен келіп, өзін қамқор жігіт ретінде көрсеткен жаңа танысы қыздың үйіне келіп, травматикалық тапаншамен қорқытып, 500 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Әйтпесе оны және сіңлісін оңдырмайтынына уәде берген. Қыз ондай ақшаның жоқтығын айтқан. Сол кезде азамат оны телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген. Қарсылыққа жауап ретінде ол пәтердің еденіне бір рет оқ атқан. Т.есімді азамат қорыққаннан танысының талаптарын орындап, оған ломбард берген 235 мың теңгені табыстаған. Бойжеткен 2,5 аптадан кейін полицияға көмек сұрап жүгінген. Кеше кешке күдікті ЭҚкБ-дағы әріптестері мен патрульдік полиция қызметкерлерінің көмегімен ұсталды. Оның қасында бірнеше ер адам болған, олардың жеке басының заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы міндетті түрде тексерілетін болады, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.

Күдікті 22 жастағы А.есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 194 бабы (Бопсалау) бойынша сараланған. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді