Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мегаполисте медициналық мекемелердің медициналық жабдықталуы қатаң бақылауда

Мегаполисте медициналық мекемелердің медициналық  жабдықталуы қатаң бақылауда
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласының әкімі Ғабит  Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарға арнайы барып, қызметтерін тексерді. Алдымен 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС  сенімгерлігіне  өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуындағы өзекті  мәселелерді  қарастырды. 

Екі блоктан тұратын емханада  ересектерге  және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам  жұмыс iстейдi, оның ішінде 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер бар. Тиісті қаражат бөлінбегендіктен, бүгінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы төмендеп, қондырғылардың тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл келеңсіздіктер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететіні белгілі. Осыны ескерген қала басшысы  жауаптыларға аталған емхананы шұғыл түрде заң шеңберінде, сот тәртібімен мемлекет балансына алуда тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырма берді.   

Қала әкімі денсаулық сақтау басқармасына қарасты Залалсыздандыру орталығында да болып, материалдық жабдықталуын қадағалады. Мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында  осыдан екі жыл бұрын сенімгерлік басқару бойынша келісім шарт түзілген болатын. Тәулік бойына жұмыс істейтін кәсіпорын қазір Шымкент пен Түркістан облысындағы медицина ұйымдарының құралдары мен бұйымдарын залалсыздандырады. Мұнда бүгінде 86 қызметкер жұмыс істейді. Ғабит Сыздықбеков  сала басшысына Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе келісім шартты қайта қарап, орталықтың материалдық базасын нығайтуды, қызметтік автокөліктерді жөндеуден өткізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді