Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желтоқсан айында Қостанай облысында көлік инфрақұрылымының 2 ірі нысаны пайдалануға берілмек

Желтоқсан айында Қостанай облысында көлік инфрақұрылымының 2 ірі нысаны пайдалануға берілмек
Фото: ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Өңірде «Қарабұтақ-Қостанай» автожолы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай қаласы әуежайы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйімен танысып, оларды жаңғырту жұмыстарын бағамдап қайтты.

Атап айтқанда, көлік саласына жауапты министр Қостанай облысына жұмыс сапары барысында 484-503 км «Қарабұтақ-Қостанай» автожолының учаскесін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. «ҚАЖ» ҰК» АҚ және «Қостанай жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері аталған учаскедегі жұмыстарды ілгерілету туралы баяндама жасады.

Ұзындығы 21,3 шақырым бұл жоба 2021 жылы басталған. Бүгінгі таңда асфальтбетон жабыны мен 3 жол өткелін орнату толығымен аяқталды. Жолды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүкіл учаскеде автомобиль қозғалысы ашық, биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетерлігі, жұмыстың жекелеген түрлерін қайта келісу есебінен Рудный қаласына кіре берісте, Юбилейный кентінде және түйе фермасына кіреберісте орналасқан 3 демалыс алаңы бар. Нысан иесі шұбат, қымыз және құрт өнімдерін саудалау үшін киіз үйлер орнатуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ министр «Рудный қаласының шығыс айналма жолы» автожолын қайта жаңарту жобасымен де танысты. «ҚазАвтоЖол» ҰК ақпараты бойынша жоба шеңберінде ұзындығы 16,9 км II санаттағы автожол, сондай-ақ 2 жаңа көпір мен 2 көлік айрығының құрылысы көзделген.

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының ақпараты бойынша қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша 18 бағытта пойыздар қатынайды. Оның ішінде, Қостанай, Арқалық, Есіл, Железнорудная және Тобыл теміржол бекеттері халыққа қызмет көрсетеді.

Қостанай қаласындағы теміржол вокзалы 1974 жылы салынып, соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Вокзал тәулігіне 2 170 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы.

Теміржол бекеті басшылығы Көлік министрі Марат Қарабаевқа теміржол бекетінің ағымдағы жай-күйі туралы айтып берді. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган тарапынан шамамен 825 млн теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, шатыр, қасбет, баспалдақ алаңдары, инженерлік және төмен токты жүйелер, сондай-ақ жарықтандыру қондырғыларын орнату және ауыстыру арқылы 3 жолаушылар платформасын жөндеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мекеме ішінде әрлеу және санитарлық жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Кейін министр Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы әуежайға барып, қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Негізгі келу залы бойынша жұмыстар аяқталған, сонымен бірге ішкі әрлеу, техникалық жабдықтарды монтаждау және ұшу залының лифт жабдықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл желтоқсанда пайдалануға беру көзделіп отыр.

Перронды қайта құру тұрақта аялдайтын әуе кемелерінің санын 2-ден 9 бірлікке дейін ұлғайтуды көздейді, бұл өз кезегінде әуежайдың транзиттік әлеуетін жақсартады деп күтілуде. Ал асфальтбетон төсеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Бұл күні Марат Қарабаев дәстүрлі түрде өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты