Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мегаполисте мал шаруашылығын дамыту ісі мықтап қолға алынбақ

Мегаполисте мал шаруашылығын дамыту ісі мықтап қолға алынбақ
Фото: pixabay.com

Шымкентте мал шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттен қыруар қаржы бөлінген. Қазір асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында субсидия бөлу жайы қарастырылған. 

Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін құс фермалары мен етті-сүтті бағыттағы өндіріс ошақтарының саны артқан. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров айтты. 

Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін арнайы жиындар өткізілген. Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында 1 миллиард теңгеден астам қаржы қаралды. Оның ішінде 209 миллионы жем-шөпке деп бөлініп отыр. Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдалану нәтижесінде 2023 жылы қала аумағына Еуропа елдерінен «ЖК Эгамназаров» шаруашылығына 104 бас мал жеткізілді. «Бәйтерек» шаруа қожалығы 34 бас асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы ірі қараны баптап, қаланы ет, сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосып отыр. Сонымен қатар, тауарлы жұмыртқа бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін төрт бірдей құс фермасына 413 000 бас тәуліктік балапан сатып алынды. Жүйелі жұмыстың нәтежиесінде қалада мал шаруашылығы өнімі артқан. Соңғы 10 айда 8 жарым мың тонна мал мен құс еті сойылған. Сүттің көлемі 15 пайызға артып, 51 мың тоннаға жеткен. 141 миллион дана жұмыртқа сатылып, жалпы өнім көлемі 44 миллиард теңгені құраған. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді