Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

Форум шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданындағы Асы жайлауында ұйымдастырылды.


Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме қойды. Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар.

Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз алып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты. Ең алдымен ол жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр", - деді Марат Сұлтанғазиев.


Сондай-ақ форумда аграрлық салада бірнеше жыл еңбек еткен бірқатар маманға "Құрметті азамат" атағы және "Алғыс хаттар" табыс етілді. Жайлауда ұлттық ойын түрлерінен жарыс та ұйымдастырылды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады