Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынды

Таразда 18 жастағы жүргізушіге бірден 5 айыппұл салынды
Фото: Жамбыл облысының ПД

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының барысында Тараз қаласы көшелерінде жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, әлеуметтік желіге жариялаған 18 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің назарына ілікті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабының 2-бөлігі (Қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамау), 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 599-бабының 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту), 606-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жас құқық бұзушы енді 5 хаттама үшін 120 мың 750 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Жүргізуші өз кінәсін мойындады. Көлік құралы айыптұраққа қойылды.

- Жол-көлік оқиғалары салдарынан күнде азаматтар зардап шегіп, тіпті жақындарынан айырылып жатады. Сондықтан жолдың барлық қатысушыларына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз,- деді Тараз қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға жол ережелерінің бұзушылығын 102 арнасына қоңырау шалу және @zhambyl_police парақшасына жазу арқылы хабарлай алатынын ескертеді. Барлық хабарламалар бойынша полиция қажетті шаралар қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады