Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған 280 тұрғын анықталды

Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған 280 тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда республика көлемінде 2021 жылдың 17 мамыр мен 16 маусым аралығында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

8 мамырдан қазіргі уақытқа дейін Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру ережелерін бұзған жалпы 280 тұрғын анықталды.

Оның ішінде: ҚР ӘҚБтҚ-К-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша төрт жүргізуші, 612-бабымен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) – үш, 593-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 87 жүргізуші, 591-бабымен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) – 34 жүргізуші, 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 83 жаяу жүргінші, 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) – 31 жүргізуші, 232-бабы (Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу) бойынша – 15 жүргізуші және 599-бабымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) жеті жүргізуші анықталды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және өзіміздің және туыстарымыздың өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды