Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр - Балаева

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр - Балаева
Фото: kapital.kz

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті: „Біздің қоғамдағы ең басты идеология — бұл заң мен тәртіптің үстемдігі деген болатын. Бұл бірінші кезекте қоғамның қарым-қатынасына ғана емес, тұрмыстық мәселелерге де қатысты айтылған қағида. Әсіресе, қазір біз үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері алдыңғы орында тұр. Мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік 2023 жылдың 1 шілдесінен едәуір күшейтілген болатын. Содан бері жауапқа тартылған агрессорлар саны 2 есе көбейген. Дәлірек айтқанда, осы жылдың ІІ-тоқсанында 7 мың адам жауапқа тартылса, ІІІ-тоқсанда олардың саны 27 мың адамға жеткен. Одан басқа тағы 60 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты 70 мың ескерту жасалды. Құқық бұзушылардың мінез-құлқын түзету үшін сот арқылы 12 мың талап қойылды“, — деді министр Facebook парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде. 

 

Министрдің дерегінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 айда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу 20 пайызға, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар 4,2 пайызға, ауыр қылмыстар 12 пайызға төмендеді. 

«Өкінішке қарай, кейінгі жағдайлар бұл мәселенің әлі де күн тәртібінен түспегенін және өзекті екенін көрсетіп тұр. Басты себеп — азаматтардың заңды құқығын құрметтемеу. Осыдан туындайтын сананың бұзылуы, жалпы құқықтық негилизм қазіргі қоғамға тән екенін көрсетіп отыр. Біз ата-ана ретінде балаларға үйде болсын, сыртта болсын келеңсіз құбылыстармен күресу мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Қоғам заң бұзушылыққа, зорлық-зомбылық пен дөрекілікке төзбеуі тиіс. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, бұзақылықтан, дөрекіліктен және вандализмнен мүлдем бас тарту атмосферасын қалыптастыруымыз маңызды. Барша адам баласына деген құрмет, ер-азаматтардың әйел мен қыздарға деген сыйластығын бала кезден бойына сіңіру қажет. Өзіміз бен айналадағы адамдардың тағдыры мен өмірі бізге байланысты екенін әрқашан есте ұстауымыз керек. Дәл қазір Президент жанындағы Әйелдер және отбасы саясаты жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуге кірісті. Сондықтан сарапшыларды, азаматтық сектор өкілдерін белсенді болуға, тиісті ұсыныстарды жолдауға шақырамын», — деді Аида Балаева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді