Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде барлық деңгейдегі әкімдер енді Amanat партиясында қызмет атқармайды

Облыстық және аумақтық филиалдардағы партия конференциясы барысында Amanat партиясы филиалдарының төрағасы ретінде әкімдерді қызметінен босату мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Amanat партиясының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Биыл наурыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажеттігін айтқан болатын. Қараша айының басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер қабылданды. Конференция нәтижесінде барлық деңгейдегі әкімдер Amanat-тың облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары болып табылмайды, сондай-ақ партияның тиісті филиалдарының саяси кеңестері мен саяси кеңестерінің бюроларының құрамына кірмейтін болды.

"Бұл шаралар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар курсын жүзеге асырудың қисынды жалғасы болып табылады. Бұл әсіресе алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы үшін өте өзекті болып табылатын партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз", – деді партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов.

Айта кетсек, мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдау барысында да президенттің партияға мүше болуына тыйым салатын заң енгізуді ұсынған болатын. Ал 26 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев "Аманат" партиясынан шықты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады