Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте эксперимент: топыраққа жол салынды

Шымкентте эксперимент: топыраққа жол салынды

Шымкентте алғаш рет топырақ жолға суық ресайклерлік өңдеуден кейін, тұтас эмульсиялық минералды қоспасының 2 қабатын төсеу тәжірибесі қолданылды.

Жол - эксперимент жүзінде 400 метр қашықтықта Таскешу, Таңбалы тас  көшесіне салынды. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, әзірге эксперименталды жолдың сапасы жақсы. Егер қыс мезгілінде мәселе туындамаса, бұл жаңа әдісті қаладағы барлық топырақ жолға қолдану жоспарланып отыр. Жалпы мегаполисте  биыл 300 шақырым жол салынуда. 

Бүгінде құрылыстың  90 пайызы аяқталған. Қалғаны қарашаның соңына дейін бітеді деп көзделуде. Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаевтың мәлімдеуіншебасымдық шалғайдағы елді- мекендерге берілген. Орталық жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтіп жатыр. Статистикаға сүйенсек, Шымкент – автокөлік ең көп шоғырланған қалалардың көш басында тұр. Соңғы жылдары жол саласындағы жұмыс бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді. Ағымдағы жылы басқарма тарапынан орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 245 нысанда жоспарланған. Оның бүгінгі таңда 209 нысанында жұмыстар аяқталған. 

Сонымен қатар, орталық жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтіп жатыр. Қаланың оңтүстік бағыттағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынып жатыр. Жоспарланған жолайрық құрылысы да қарқынды. Жол құрылысында кемшілік жоқ емес. Дегенмен, олқылықтар дер кезінде орындалуда, деген Жол активтері Ұлттық сапа орталығының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Мұхтар Дүйсенбеков қүрделі құрылыстарға айына кем дегенде екі мәрте тексеріс жүргізетіндерін жеткізді. 

Ақаудың көбі орташа жөндеудегі көшелерде кездесетін көрінеді. Шымкент қаласы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 3 247,6 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% жеткізу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, орташа жөндеудегі нысандар толықтай  осы айдың аяғына дейін тәмәмдалады дейді сала мамандары.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді