Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ИИДМ Қазақстанның ең жақсы және ең нашар жолдары бар аймақтарды атады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы бойынша алдыңғы қатарлы өңірлер туралы айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Биыл еліміздегі 4,6 мың шақырымдай жергілікті автожол жөндеудің барлық түрімен қамтылған, оның 2,6 мың шақырымында тиісті жұмыстар аяқталды. Жол жөндеу жұмыстарына барлығы 372 млрд теңге бөлінген. Ведомствоның айтуынша, Қазақстанда өңірлердің ішіндегі жол инфрақұрылымын дамыту үшін 486 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 391 жоба бойынша күрделі және орташа жөндеу жұмыстары қолға алынса, жаңғырту мен тұтастай құрылысқа байланысты 95 жоба жүзеге асырылып келеді. Биыл жыл соңына дейін автомобиль жолдарын жөндеуге байланысты 164 жобаны, сондай-ақ жолды салып, жаңғырту бойынша 6 жобаны соңына дейін жеткізу көзделген.
"Солтүстік Қазақстан облысындағы Лавровка – Чкалово автомобиль жолының 160-168 шақырымдай аралығын жаңғырту мен Қызылорда облысындағы Әйтеке би – Басықара аудандық маңыздағы көлік жолындағы көпірді жөндеуге байланысты жұмыстар аяқталуға жақын. Сондай-ақ Шымкенттегі шығыс айналма жолында жүргізіліп жатқан құрылыстың 1 кезеңі тәмамдалып қалды", – ­деді ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері. 
Бұдан бөлек, биыл Алматыдағы Абай даңғылының жалғасын абаттандыру бойынша да жұмыстар соңына дейін жеткізілмек. Айта кетейік, аталған даңғыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының 6 радиалды тармағының бірі саналады. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша еліміздегі жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайы жыл соңына дейін 85 пайызға жеткізіледі деп көзделген. Осы орайда өңірлерге де байланысты алдын ала қорытындылар шығарылды. "Алдын ала жасалған қорытындыға сүйенсек, жергілікті жолдардың жағдайы Маңғыстау (95 пайыз), Жамбыл (95 пайыз) және Алматы (91 пайыз) облыстарында жақсы. Ал сапасы көңіл көншітпейтіндей жолдар Батыс Қазақстан (39 пайыз), Ақтөбе (66 пайыз) және Атырау (70 пайыз) облыстарына тиесілі", – ­ деп нақтылады Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді