Көкшетауда өзгенің шетелдік көлігін заңсыз иеленген азамат “ізін суытпай” қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығының бейнеоператорлары, қалалық патрульдік полиция батальоны нарядтары және жедел қызметкерлердің жылдам әрекеттері көлік ұрлаған азаматты бір сағат ішінде ұстауға септігін тигізді.
Mersedes-Benz автокөлігінің иесінен полицияға арыз 13 қараша күні кешке келіп түсті. Қала тұрғынының айтуынша, тұрақта тұрған көлікті дүкеннің жанында қалдырып, ол бірнеше минут ғана жоқ болған, бірақ бұл қысқа уақыт ішінде шетелдік көлікті белгісіз біреу ұрлап кеткен. Залал сомасы 2 млн теңге.
Өтініш жедел басқару орталығының жедел реакциясымен жалғасты. Полицейлер қылмыс жасау аймағында орнатылған бейнекамераларды қарап шыққаннан кейін жүргізушінің көлігін автотұраққа қалай кіріп бара жатқанын байқаған, ал 4 минуттан кейін сол көлік күдіктінің басқаруында болады. ЖБО қызметкерлері ұрланған автокөліктің бүкіл қозғалыс бағытын нақты уақыт режимінде қадағалап, оның орналасқан жері туралы патрульдік нарядтарға хабарлады.
Келісілген әрекеттердің нәтижесінде көлік табылып, күдікті ұсталды. Ол Көкшетаудың 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.