Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап кетті

Ақмола тұрғыны көршісінің көлігін ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

12 қаңтарда Степняк қаласының 67 жастағы тұрғыны Біржан сал аудандық полиция бөліміне сағат 00:30-дан 07:30-ға дейінгі аралықта белгісіз адам гараждан Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 2 млн теңгені құрады. Өтініш берушінің айтуынша, алдыңғы күні кешке көршісі оны іс бойынша Степногорск қаласына апаруды өтінген, алайда ол өзін нашар сезінгендіктен, жігітке апара алмайтынын айтқан.
12 қаңтар күні таңертең көлігін таппаған ақмолалық полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Степняк қаласының 19 жастағы тұрғын болып шықты. Ол “Макинск-Ақсу-Торғай” автожолының 80 шақырымында криминалдық полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қаскүнем жолдан шығып кетіп, көлік қарда қалып қойған. Жас жігіт көлікті тастап, бағыттас автокөліктермен Степногорск қаласына жетуге тырысқан. Осы факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді