Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ауылдарындағы мектептерге Илон Масктың интернетін қосу қанша тұрады

Қазақстан ауылдарындағы мектептерге Илон Масктың интернетін қосу қанша тұрады
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Bridge форумында өткен брифингте Қазақстанның ауыл мектептеріне Илон Масктың SpaceX компаниясының интернетін қосу құнын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдат Мусин брифингте 100 оқушыдан аспайтын шағын ауылдық мектептерге SpaceX компаниясынан интернет орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

"Сіз пайдаланушылар саны туралы айтып отырғаныңыз анық, бірақ біз интерпраз шешімін сатып алуға келістік. Оған әлдеқайда көп адам қосыла алады. Бұл шынымен де ауылдық мектептердегі интернет мәселесін шешеді. Бұл шешімді Алматы облысындағы 10 мектепте пилот түрде қолдандық. Бұл мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де жаңалық болғанына қуаныштымыз. Сондықтан ол қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр және біз оны Қазақстан бойынша таратуды жалғастырамыз", - деп қосты Мағдат Мусин.

Министр бұл байланыс Қазақстан үшін арзанырақ болатынын атап өтті.

"Дереккөздерде құны SpaceX өзі ұсынған прайс-парақтардың негізінде деп айтады. Ббірақ біз корпоративтік келісім-шарт жасасамыз. Қазір шарттар қорытындыланып жатыр. Келісім-шартты аяқтауға және қол қоюға екі апта керек, екі аптадан кейін мен бәрін ашып айтамын. Бұл үкіметтің ақшасы, сондықтан біз осы қызметтердің құны туралы барлық ақпаратты міндетті түрде жеткіземіз. Бүгінгі келіссөздердің сомасы бір нүктеге шамамен - 200 доллар. Бұл - ай сайынғы төлем. Бұл сомаға құрылғылар кірмейді", - деп түсіндірді министр.

Бұл ретте ол бағаны спутниктік байланыс құнымен салыстырды.

"Бұл шамамен айына 200 доллар тұрады. Қазір біз спутниктік интернет үшін төлейтін сома секундына 4 мегабит, кейде одан да көп. Біздің әкімдіктер мен басқармалар бүгінде спутниктік интернетпен қамтамасыз етуге шамамен 1,5-3 миллион теңге жұмсайды", - деп түйіндеді сөзін министр.

13 қазанда Бағдат Мусин Қазақстанда Илон Масктың SpaceX Starlink компаниясының интернеті қосылғанын хабарлады. Ол Алматы облысындағы шалғайдағы 10 мектепке қосылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты