Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан төлем картасы арқылы ақша аудару ережесін қатаңдатты

Қазақстан төлем картасы арқылы ақша аудару ережесін қатаңдатты
Фото: pixabay.com

Ұлттық банк 23 қазандағы қаулысымен Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, оларды пайдалана отырып операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді үшінші тұлғаның пайдасына төлем картасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсету алдында банктер оған:
  • үшінші тұлғалардың алаяқтық әрекеттерімен байланысты ықтимал қауіптерді;
  • үшінші тұлғалардың, оның ішінде өзін мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ретінде көрсететін тұлғалардың ықпалымен (өтініштері бойынша) ақша аударуға байланысты қауіптерді;
  • ақшаны алушының бастамасы бойынша немесе сот шешімі бойынша операцияны тоқтату және ақшаны қайтару мүмкіндігін ескертуі қажет.

Микроқаржы ұйымдары төлем карточкалары бойынша микрокредиттерді беру кезінде несие сомасы қарыз алушыға аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем картасын пайдалануды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте микрокредиттік ұйым ақша аударымының мақсаты (мақсаты) қарыз алушыға берілген микрокредит туралы ақпаратты көрсетуін қамтамасыз етеді және төлем карточкасын ұстаушыға оның банкінде оған берілген микрокредит сомасын алғаны туралы хабарлайды.

Сонымен қатар электрон банктік қызметтерді көрсету кезінде банк рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарымен күресу процесін автоматтандыратын жүйелерді қолданатыны айтылады.

Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады