Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Смайылов жер қойнауын пайдалану саласын тексеруді жеделдетуді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов геологиялық барлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазіргі уақытта ел аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін шамамен 1 млн 324 мың шаршы шақырым алаң қарастырылған. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына 1 млн 65 мың шаршы шақырым жер қойнауы қосылған, тағы 259 мың шаршы шақырымы қосылады.

Геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту, пайдаланылмайтын кен орындарын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалану үшін еліміздің барлық қолжетімді аумағын ашу жоспарланып отыр.

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тиісті түрде орындалмауына байланысты кен орындарын игеруге қатысты 31 келісімшарт бұзылып, 101 лицензияның күші жойылды. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауына талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр – анықталған бұзушылықтар реттелмесе, келісімшарттар бұзылады және инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады.

Премьер-Министр жер қойнауын пайдалану саласында ауқымды тексеріс жұмыстарын жеделдетуді және пайдаланылмайтын кен орындарының нақты тізбесін айқындауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді