Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді

БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді
Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері зейнеткердің алаяққа бермек болған ақшасын қайтарып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 қазан күні Орал қалалық полиция бөліміне 84 жастағы жергілікті тұрғынынан арыз келіп түсті. Зейнеткер әйел өзіне белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, немересінің жол апатына түскенін және ол ауруханада жатқанын және сол жол-көлік оқиғасына немересінің кінәлі екенін айтып, шығынды өтеу үшін жәбірленушіге жедел түрде ақша беру қажет болғанын жеткізеді.

Үрейі ұшқан әжесі бар жиған-терген 1,5 миллион теңге көліміндегі ақшасын сөмкеге салып, мекенжайына келген такси жүргізушісіне ұстата салады. Біраз уақыттан кейін әйел немересімен хабарласып, бәрі дұрыс екеніне көзі жетіп, телефон алаяқтарының құрбаны болғанын білді.

Тексеру барысында алаяқтар тапсырыс беру қосымшасы арқылы жергілікті такси жүргізушісін ақшаны алып кету үшін қолданғаны анықталып, одан әрі белгіленген келісімшарт бойынша ол Атырау қаласына жеткізу қажет болған.

Қолданылған жедел іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласы Абай ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, Атырау облысы ПД қызметкерлерімен бірлесе такси жүргізушісін ұстау бағытында тиісті шаралар қолданылды. Бірнеше уақыттан кейін такси жүргізушісі бойынша ақпарат белгілі болды. 

Жедел тәртіп сақшылары такси жүргізушісіне хабарласып, сәлемдеменің алаяқтарға тиесілі екенін айтады. Сол уақытта жүргізуші жолдың жарты бөлігіне жетіп үлгереді. Десе де, полиция қызметкерлерінің айтқанына келісіп, Орал қаласына қайта келіп, ақша салынған сөмкені жәбірленушіге қайтару үшін полиция қызметкерлерінің қолына тапсырады.

Қазіргі таңда полицейлер алаяқтық жасамақ болған адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Зейнеткердің қызы полиция қызметкерлері мен такси жүргізушісіне алғысын білдірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті