Түркістан полицейлері қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз ақша шығарып беремін деп сеніміне кірген. Содан жәбірленуші алаяққа 240 мың теңге ақша берген. Ал танысы болса ақша алғаннан кейін әр нәрсені бір сылтауратып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын әйел болып шықты.
Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, онда сіз “102” телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.