Ақмола облысының тұрғыны брокерлік компания мен жалған адвокатқа алданып, 5 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
25 тамыз сағат 19:30-да Қосшы қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 53 жастағы жергілікті тұрғыннан 19-шы шілде мен 6-шы қыркүйек күндері аралығында белгісіз адамдар оның 2 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтініші келіп түсті.
Сот ісін жүргізу барысында полицейлер жәбірленушінің интернетте Principal Investors деп аталатын брокерлік компания туралы хабарландыру тапқанын анықтады, ол компания инвестиция мен өсімге ақша салумен айналысады. Алғашында бәрі заңды болып көрінген. Жәбірленуші тіпті жергілікті банктердің бірінен картасын ашып, тапқан ақшасын сол жерге салып отырған.
Басында ол 200 мың теңгеден астам сома инвестиция салған. Біраз уақыттан кейін ақшаның өсіп жатқанын көріп, брокерлік компанияға көңілі толып, тапқан ақшасын алуға шешім қабылдады, бірақ ол соманы ала алмады. Кейінірек кеңесші бұл ақшаны одан әрі көбейту үшін криптовалютаға ауыстырылғанын және әлі алуға болмайтынын айтты.
Алайда бірнеше күннен кейін жәбірленуші бұл ақшадан мүлдем айырылды, ал кеңесші қоңырауларға жауап бермеген. Ер адам алаяқтардың қолына түскенін түсініп, оларды сотқа беруге шешім қабылдаған.
Интернетте ол ақшасын қалай қайтаруға болатындығы туралы ақпарат іздей бастады және осындай мәселелерді қашықтан шешуге көмектесетін адвокаттардың біріне тап болған. Адвокаттар кеңселерінің бірінің өкілдері жәбірленушіге оның ақшасы шотта екенін түсіндірді, бірақ олар Канар аралында арестта тұрғанын айтты. Осылайша жалған адвокаттар жәбірленушіден мүмкіндігінше көп ақша алу үшін уақытты созып, әртүрлі мәселелерді ойластыра бастады. Нәтижесінде олар 5 банкте қолма-қол ақша рәсімдеген ер адамның 5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алған.
– Жақсы сауда қызметі, көптеген жұмыс және тиімді стратегиялар, сондай-ақ трейдерлердің сауатты көмегі – мұның бәрі әдемі ертегілер мен аңыздар! Бейтаныс адамдарға сенуге, түсініксіз шоттарға ақша жіберуге болмайды, – деп атап өтті Қосшы қаласы полиция басқармасының тергеушісі Құлмағамбетов Нариман Көшербайұлы.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.