Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ойын қызметтерінің көлемі бір жылда шамамен 40% қысқарды

Ойын қызметтерінің көлемі бір жылда шамамен 40% қысқарды
Фото: pixabay.com

Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 207 млрд теңгені құрады, бұл былтырғыдан бірден 29,7% аз, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Сектордағы ФКИ 60,9%, яғни инфляцияны есепке алғанда сектордағы қызмет көлемі бір жыл ішінде нақты мәнде 39,1% төмендеді.

Салыстыру үшін: былтыр сәйкес кезеңде сектордағы қызмет 294,4 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 8,4 есе болған.

Өңірлер бойынша құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру бойынша барлық қызметтердің 88,2%-ы дәстүрлі түрде Алматы облысында көрсетілген: 182,5 млрд теңге — былтырғыдан 34,4% аз.Ақмола облысы екінші орында: 24,5 млрд теңге, бір жылда 52,1% көбейген. Басқа өңірлерде ҚР-дағы казинолардың жұмыс істеу аймақтарын шектейтін заңнаманы ескере отырып, көрсеткіштер мардымсыз болды, ал 12 өңірде тіпті мүлде жоқ.

Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасына сәйкес, екі өңірді қоспағанда, барлық жерде ойынханалар мен ойын автоматтары залдарына тыйым салынған — оңтүстік, Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жағалауы және солтүстік аймақ, Ақмола облысы Щучье ауданы.

Биыл қаңтар–шілде айларының соңында құмар ойын және бәс тігу қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 311,5 млн теңгені құрады. Көрсеткіш құндық мәнде 2,2 есе өсті.Соның ішінде Алматы облысында салаға құйылған инвестиция 310 млн теңгені, Ақмола облысында 1,5 млн теңгені құрады.

ҚР-да Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша, 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясынан бас тартты. 2023 жылдың басынан бері 6 букмекер өз еркімен жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар, ойын бизнесі субъектілерінің лицензиясын жою сотта жалғасуда. Биыл соттарға 14 талап арыз жолданып, нәтижесінде 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы өз қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта тағы 2 букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою жұмыстары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда