Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде мәдени іс-шаралардың бағасы бір жылда бірден 14%-ға өскен

Биылғы бірінші жартыжылдықта ҚР-да шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласында көрсетілген қызмет көлемі 27,1 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 24,4% артық, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Өңірлер бойынша сектордағы қызметтердің ең үлкен көлемі елордада байқалды: 7,4 млрд теңге, былтырғыдан 27,7% көп. Екінші орында Алматы болды: 5,9 млрд теңге, 14,3% көбейген. Үздік үштікке Қарағанды облысы да кірді: 1,8 млрд. Ең аз қызмет көлемі Алматы облысына тиесілі: небәрі 81,6 млн теңге.


Саладағы ең көп қызмет көлемін театрлар көрсетті: биылғы бірінші жартыжылдықта 13,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 25,6% артық.

Ең танымал қызметтер үштігіне сонымен қатар концерттік қызмет (8,6 млрд теңге, бір жылда 37,4% көбейген) және көркем және әдеби шығармашылық (1,7 млрд теңге, 30,4% азайған) кірді.


Биылғы қазан айында мәдени-бұқаралық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 14% өсті. Оның ішінде кинотеатр қызметтері 10,1%, ал қазақстандықтар арасында танымал болған театрлардың қызметтері бірден 26,5% қымбаттады.


Өңірлер бойынша мәдени іс-шаралардың барлық түрлеріне бағаның өсуін Ақмола облысының тұрғындары қатты сезінді: былтырғыдан 36,8% қымбаттаған. Одан кейін Түркістан (27,4% қымбаттаған) және Атырау (26,6% қымбаттаған) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Шымкент қаласында тіркелді: 3,9%.


Ақмола облысында кино қызметтері айтарлықтай, бір жылда 50% өсті. Бағаның ең аз өсуі Қызылорда облысында байқалды: 0,2%. Маңғыстау облысында баға өткен жылғы деңгейде сақталса, Шымкентте 2,8% төмендеген.


Театр қызметі Түркістан облысында екі есе қымбаттады. Ең аз жылдық өсім Алматыда тіркелді, соның өзінде 6,5% қымбаттаған. Бес облыста — Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай және Солтүстік Қазақстанда баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Шығыс Қазақстан облысында театр қызметі бірден 20% арзандады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты