Павлодарда сот жасөспірім қызға шабуыл жасаған әйел мен ер адамды жазалады. Оқиға аялдамада болған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен оқушы қыздың анасының айтуынша, оның қызы мен құрбысы автобус күтіп тұрған.
"Қызым аяғын орындыққа қойып, телефонмен сөйлесіп отырған. Ер адам мен әйел оған ескерту жасаған. Қыздар жауап беріп, тіпті тұрып, өзіміз сүртеміз деп айтқан. Бірақ ер адам мұнымен тыныштанбаған, қызымды шашының түсіне бола балағаттап, бірдеңе қолданатынын айтып, оны нашақор деп балағаттаған. Қызым жауап ретінде дөрекі сөйлеген, содан кейін әйел оның шашынан ұстап, аялдаманың артына сүйреп апарып, ұрған", - деді қыздың анасы.
Әйелдің айтуынша, қызы оған телефон соғып, ұрып-соғып жатқанын айтып үлгерген. Артынша шабуылдаушылар оның телефонын алып, жерге лақтырып, сындырған, ал ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрған.
Instagram-да жарияланған кадрларда жасөспірім оны жіберуді өтініп жатқаны, ал ер адам полиция шақыруды сұрағаны көрінеді.