Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада аяқ киім дүкенінде пышақтап кеткен әйел көз жұмды

Елордада аяқ киім дүкенінде пышақ жарақатын алған әйел ажал құшты. Оның өліміне күдікті ретінде 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасында. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 20 қазанда болған. Сол күні сағат 18.39-да 102 арнасына аяқ киім дүкенінде қыздың пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция жасағы барып, аталмыш факт расталған. Полиция қызметкерлері дүкен ішіндегі касса маңынан еденде пышақ жарақаты бар әйелдің денесін тапқан.

Алған жарақаттарынан 32 жастағы азаматша жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Құзырлы орган өкілдері анықтағандай, әйел ер адамның шабулынан кейін көз жұмған. Ол аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, марқұм әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, оған пышақпен шабуыл жасаған. Елордалық полицейлер әйелдің өліміне күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстаған. Одан заттай дәлел тәркіленген. Сондай-ақ қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ведомство бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда