Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі мен Балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы іске қосылады

Елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйесі мен Балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы іске қосылады
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі жаңа шаралар мен балабақшаларға кезекке тұруды автоматтандыру үдерісі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жиынға қатысушылар өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік беретін орман өрттерін ерте анықтау жүйесін іске қосу мәселесін талқылады. Оның шеңберінде мемлекеттік орман қорын, ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту жоспарланып отыр.

Бұл ретте шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз ететін және өрттерді оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектесетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көзделеді. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, сондай-ақ зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдалану жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Үкімет басшысы ҚР ТЖМ бөлімшелері үшін 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын және 12 су шашу құрылғысын сатып алуды көздейтін қаулыға қол қойған болатын. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен 633 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Отырыста ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген Мектепке дейінгі ұйымдар үшін есепке алудың бірыңғай базасын құру мәселесі де талқыланды. Оны пилоттық режимде осы жылдың қазан айында іске қосу жоспарланып отыр, ал 2024 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл республика бойынша қолданылады.

Премьер-Министр балабақшаға кезекке қою және кезекті жылжыту үдерісін толық цифрландыру оның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар отырыс барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру, мемлекеттік аппараттың негізгі үдерістерін цифрландыру, бизнес субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелері қаралды. Бұл тексерулерді тағайындау кезінде адами факторды, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді болдырмауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда