Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әкесі ауруханада қайтыс болған соң дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдікті құрықталды

Әкесі ауруханада қайтыс болған соң дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдікті құрықталды
Фото: pixabay.com

Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 19 қыркүйек күні сағат 10:35 шамасында Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне аурухананың 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабар түскен. 

«Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудан полициясында тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Ш. және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оқиғаның бүкіл мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы аясында жарияланбайды.

Еске салайық, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап кеткен еді. 

Кейін Денсаулық сақтау министрлігі аталған оқиғаға пікір білдіріп, дәрігерлерді соққыға жыққандардың жазалауды талап етті. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты