Алматыда өз ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Жасөспірім 15 тамыз күні ауруханаға жеткізілді. Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының жарақаты, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.
Алатау аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті – К.есімді азамат ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
19-08-2022, 14:31
Алматыда ұлын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз