Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда елде болу ережелерін бұзған 200-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Алматыда елде болу ережелерін бұзған 200-ден астам шетелдік жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және ҚР көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында “Жалдамалы” іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның 4 күнінде 695 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Атап айтқанда, ҚР болу ережелерін бұзғаны үшін 209 шетелдік жауапкершілікке тартылса, шетелдіктердің ҚР болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 122 қабылдаушы заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды. Сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 206 шетел азаматы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. 34 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Алматы полициясының қызметкерлері жедел іс-шара барысында РФ-ның Самара облысының полицейлерімен іздеуде жүрген 1992 жылы туған Ресей Федерациясының қылмысқа қатысы бар азаматын ұстады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді