Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

Алматыда Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады.

Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азаматтар. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған.Олар “Жібек жолы” бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады