Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Жамбыл облысындағы маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы талқыланды

Үкіметте Жамбыл облысындағы маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы талқыланды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 11 тамызда Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысына су шаруашылығы, ирригациялық және дренаждық жүйелерді күрделі жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Әлихан Смайылов қырғыз тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендер бойынша болжалды деректерге сәйкес 2024 жылғы вегетациялық кезеңді өткізу алгоритмін алдын ала әзірлеу қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар Тараз қаласында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жылу магистральдарын қайта жаңарту, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, сондай-ақ қолданыстағы қазандықтарды жаңғырту жобаларының өзекті мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Мойынқұм ауданындағы Радай және Қарабөгет көпірлерін, Отар-Гвардейск аудандық маңызы бар автожолындағы теміржол өткелі арқылы өтетін көпір салу жобалары туралы баяндамалар тыңдалды.

Жиынға қатысушылар Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жаңа мектептер салу және мемлекеттік бағдарлама аясында негізгі мектептерді кеңейту, Тараз қаласындағы көпсалалы аурухана мен перинаталдық орталықтың құрылысын, Меркі, Талас және Шу аудандарындағы орталық ауруханаларды күрделі жөндеу, сондай-ақ Байзақ, Жуалы және Қордай аудандарында жаңа медициналық нысандар ашу жөніндегі шараларды талқылады.

Әлихан Смайылов облыс әкімдігі барлық басым жобалар бойынша құжаттама әзірлеуді және тиісті бюджеттік өтінімдерді беруді жеделдету қажеттігін атап өтті. Бұл ретте су шаруашылығы құрылымдарын күрделі жөндеуден өткізуге, суару желілерін қайта жаңартуға, су қоймаларын салуға және су үнемдеу технологияларын енгізуге баса назар аудару қажет екенін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты